Accessibility links

Бүгін Ізраильдің бульдозерлері Газа аумағындағы Палестинаның босқындар лагерлеріне кіріп, ғимараттарды қирата бастады


Ізраильдің әскерилері арасындағы ақпарат көзі хабарлағандай, Рафах қаласына әскер кірген. Бұл қалада жер астындағы жолдармен қару мен жарылғыш заттар тасымалданып, палестиндіктерге көшіріледі деген ақпарат бар. Палестиндік куәлардың сөзінше, әскерилер тұрғындарға үйлерін тастап кетуді сұраған. Ал Ізраиль тік ұшақтары Газа аумағының оңтүстігіндегі босқындар лагеріне екі зымыран жіберді. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Бұл шабуыл Иорданның батысындағы жарылыстан кейін орын алды. Ізраил және палестиндіктер арасында кем дегенде 2 адам қаза болып, 13 адам жаралы болған. Машина жарылысын «Әл Ақсы» тобы өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG