Accessibility links

Грузияның хабарлауынша Грузиямен Оңтүстік Осетияның қарулы жауынгерлері арасындағы түңгі қақтығыс барысында кем дегенде 3 грузин қаза болып бірнеше адам жаралы болды


Оңтүстік Осетияның баспа және ақпарат комитетінің хабарлауынша, Цхинвали мен Осетиндік елді мекендерді атқылаудан кем дегенде 30 адам жаралы болды. Аралас бітімгершілік штабының хабарлауынша, түңгі атыстарды жүргізбеу қажет деген келісімге қарамастан екі жақтанда түнде оқ жаудырылған. Сәрсенбі күні Мәскеуде өткен келіссөздерде Ресей мен Грузия жанжал аумағынан бітімгершілік әскерінен басқа қарулы күштерді шығаруға келісті. Өткен түнде Грузия президенті Михаил Саакашвили Осетиямен ірі жанжал болмас үшін, қолдан келгеннің бәрін жасаймын деді. Саакашвили Оңтүстік Осетиямен Абхазияны қадағалауға аламын деп уәде берген. Бұл екі республика 1990-жылдардың басында Грузияның орталық үкіметінен кете бастады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG