Accessibility links

Калифорния штатының жоғарғы соты осы жылдың басынан бері тіркелген бір текті жыныстағы екі адамның отбасылық некелерін бұзуға шешім шығарған


Сот бейсенбі күні Сан-Франциско қаласының әкімі қызтекелер мен қызтекелрдің, еркекшоралар мен еркекшоралардың некелерін қиып, өз өкілеттігін асырып жіберген деген ұйғарымға келді. 12 ақпанда басталған мұндай некелесу тойлары заңды бұзушылық болып табылады, өйткені заң бойынша ер мен әйел арасында ғана некелесу заңды болады дейді жоғарғы сот мүшелері. Сан-Францискода аз ғана уақыттың ішінде бір текті жыныстылар арасында 4 мыңнан астам неке қиылып үлгерген екен. Сот олардың бәрін заңсыз деп кері шегерді. Сауалнамаға қарағанда сан-фрнациколықтардың көбі бір текті жыныстылар арасында неке тіркелуін қостамайды.
XS
SM
MD
LG