Accessibility links

Таяу шығыстың бірнеше елі мен Иран мемлекеті Нажафта болып жатқан шабуылдарға байланысты өкініш білдірген


Сегіз күннен бері Нажафта жалғасқан ұрыстарды тоқтату үшін біріккен күштер кеше басты соққы беруге көшкен болатын. Египет болса, соғысып, күш тірескенше екі жақты бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырған . Иранның сыртқы істер министрлгінің өкілі әлемдік қауымдастықты қорғансыз Ирақ адамдарының тағдырына араласуға шақырса, Ливан шииттерінің рухани көсемі Ирақ үкіметін АҚШ әскерлеріне осындай қасиетті орында шабуыл жасауға мүмкіндік бергені үшін сынаған. Каирде Араб елдері лигасының бас хатшысы Амир Моусса Нажафтың қасиетті орындары қорланатын болса, оның соңы жақсылыққа ұласпайтындығын ескерткен. Ирақ шииттерінің көсемі Аятолла әл-Систани де қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық танытып, өз адамдарының қақтығысты тоқтату жолында жұмыс істеп жатқанын айтқан.
XS
SM
MD
LG