Accessibility links

Американың теңіз әскерлері мен Ирақ күштері Нажафта бекінген милицияға шабуылды күшейтті


Бірлескен әскери күштер қасиетті қала Нажафтың орталығын қоршауға алды, дегенмен американдық подполковник Джим Рэйней солдаттар имам Әли мешітіне жақындай қойған жоқ деп айтқан. -Біз Нажаф аймағында ұрыс операцияларын жүргізудеміз, бірақ мешіттен аулағырақ, оған қандай да бір нұқсан келтірмеуге тырысудамыз. Бізден Нажаф губернаторы Ирақтың заңды үкіметіне тәртіп пен бақылауды орнатуға көмектесуді сұрады, сондықтан да көп нәрсені атқарудамыз,-деген подполковник. Куәлердің айтуынша, американдық теңіз әскерлері милиция көтерілісін бастаушы Мохтада ас-Садрдың үйіне шабуыл жасаған, бірақ үйде ешкім болмаған. Шабуылдар Ирақтың басқа қалаларында да наразылық туғызды. Үкімет Күт қаласында американдық әуе күштері ас-Садр әскеріне шабуылдаған кезде 70-тен астам адам қаза тапты деген. Ирақтың қорғаныс министрі Хазим әл-Шалан сегіз күннен бергі ұрыстарда 1200 дей милиции қолға түсіп, 400-дей өлтірілді деп айтқан. Әл-Шалан ас-Садр армиясы берілмейінше немесе олар қаланы босатпайынша шайқастар жалғаса береді деген. Премьер- министр Ияд Аллауи да ас-Садрдың жақтастарын берілуге шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG