Accessibility links

Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы ең көне әйелдер колониясындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен қылмыскер әйелдерге кәсіптік білім беру жағы төмен дейді


Қазақстандағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстандағы қылмыскер әйелдер жазасын өтеп жатқан орындарындағы жағдай салыстырмалы түрде алғанда жақсы деп есептейді. Халықаралық Фридом Хаус ұйымының Қазақстандағы өкілдігі үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары үшін өткізген арнайы тренинг барысында, бірнеше қазақстандық құқық қорғау ұйымдары, Алматы қаласының маңында орналасқан Жауғашты ауылындағы, сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан колонияда болып, дербес мониторинг жүргізген. Осы іске қатысқан саяси-құқықтық зерттеулер жөніндегі Қазақстандағы Интерлигал қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Эллина Силантьева аталған әйелдер колониясындағы жағдай туралы былай дейді:

- Колония 1936-37 жылдарда саяси тұтқындарды ұстау үшін салынған ескі мекеме. 50-ші жылдарда ол әйелдер колониясына айналған.

Сонымен бірге колонияның өндірістік базасыәбден ескіргендіктен, өкінішке орай ондағы әйелдердің бәрі бірдей еңбекпен қамтылмаған дейді қоғамдық ұйымның төрайымы. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың айтуынша, Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында, санитарлық-гигиеналық жағдайлар өте төмен деңгейде болып тұр. Аталған мекемеде қалықаралық түрме реформасы ұйымының тапсырысымен 5 мәрте мониторинг жүргізген “ Бәрі де тең ” аталатын қоғамдық ұйымның президенті Сағынғали Елкеев, “колониядағы медициналық қызмет көрсету деңгейі қанағаттанарлық”- дейді. Алайда ыстық судың болмауы түрмедегі әйелдер үшін үлкен проблема болып тұр: - Ол жақта ыстық су да, канализация жүйесі де жоқ. Ыстық су тек қыс кезінде ғана беріледі, сондықтан жуынуға мүмкіндік жоқ.

“Ыстық судың тапшылығы мен ескі су құбырлары, колониядағы әйелдерге қарапайым гигиеналық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді”- деген қоғамдық ұйымның президенті Сағынғали Елкеевтің сөзін, Интерлигал қоғамдық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің атқарушы директоры Эллина Силантьева да қуаттап отыр.

-

Әйелдер үшін бұл әрине, үлкен мәселе

Қоғамдық ұйымның атқарушы директоры Эллина Силантьева, Жауғашты колониясындағы әйелдерге кәсіптік білім беру мәселесін де нашар деңгейде деп бағалап отыр. Жоғарыда аталған мәселелермен тікелей айналысатын қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Ихсан Дүйсенбинге хабарласқанымызда, төраға орынбасары, ескі Жауғашты колониясының жөндеу жұмыстарына, келесі жылдың бюджетінен қаржы қарастырылмағанын айтты.
XS
SM
MD
LG