Accessibility links

Ұлы Жібек жолы бағытымен келе жатқан халықаралық саяхат тобы Алматыға келіп жетті


“Ұлы Жібек жолы: Ата жұртқа саяхат” экспедициясының негізгі мақсаты: Қазақстанның Жібек жолымен байланысты тарихи, мәдени ескерткіштерін көпшілікке таныта отырып, Қазақстанға туристерді тарту.

Сапарға қатысушылардың бірі, Қазақстанда белгілі археолог Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы Достық бекетінде басталған саяхаттарының әсері туралы былай дейді:

- Ол жер біздің батыр бабамыз Қабанбайдың жоңғарларды тоқтатқан жері екен.

Қазақстаннан өзге жобаға қатысып отырған Ресей, Германия, Украина елдерінің өкілдері, мәдени ескерткіштер мен тарихи жерлерді ғылыми зерттеумен бірге, Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін қарастыруды мақсат еткен. Археолог Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов менің міндетім шшетелдіктерге тарихи маңызды жерлерді көрсетуде жолбасшы болу дейді.

- Менің мақсатым тарихи орныдарды көрсетіп, оларды түсіндіріп беру. Одан әрі қарай ол жердің туристік индустриясы қандай болатынын олар ойланады.

Жібек жолының сүрлеуімен жүрген саяхатшылар кей жерлерде археолог Нұрмұхамбетовтың ұсынысымен, тың жолдармен де жүрген.

-

Егер ғылымға керуен жолының қысқы, күзгі жолдары белгілі болса, жазғы бағыты белгісіз. Сондықтан біз тың бағытты таңдадық. Егер керуен жолда шықса ол жайлаумен жүру керек қой сондықтан біз жолды жайлауларға салдық жолды.

Германиядан келген маман Эрих Вагнер саяхаттың тоғыз күнінде көргендерінен, Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндіктері өте зор деп тұжырым жасап отыр.

- “Экспедиция жұмысының бір қорытындысы ретінде туристер немесе ғалымдар жүретін белгілі бір жол нұсқасы жасалады. Менің ойымша европалық туристер үшін қазақстанның табиғаты мен, тарихи жерлері өте қызықты болады” - дейді Эрих Вагнер. Ал, экспедицияның келесі бір мүшесі, Қарағанды қаласынан келген тарихшы Бахреддин Нұғман, “кітаптан ғана оқып білген манихей, қарлұқ, қарахан дәуіріндегі тарихи ескерткіштерді енді жалпы жұрқа таныту керек”- деп есептейді

- Біздің ұлы мәдениетімізді дүниежүзіне тарату керек емес пе?

Экспедиция Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын аралап шығады. Меже- Түркістан қаласы болмақ. Жалпы ұзақтығы экспедиция мүшелерінің айтуынша, 3000 километрден асатын саяхат, 20 күннің ішінде аяқталмақ. Саяхат қорытындысы ретінде арнаулы фильм жасалады деп жоспарланған
XS
SM
MD
LG