Accessibility links

Флорида штаты Чарлей құйынынан кейін ес жинауда


Ал, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері Құрама Штаттарының осы штатында болған табиғат апатынан соң тірі қалғандарды іздеумен айналысуда. Флорида штатының оңтүстігінен екпіндей өткен бұл құйын бірнеше мыңдаған үйлерді қиратып, бірнеше мыңдаған азаматтарды үйсіз қалдырып отыр. Чарлей құйыны кесірінен кем дегенде 13 адам қаза болған екен. АҚШ елбасы Джордж Буш бүгін апат аймақтарының кейбірінде болмақшы. Бұл жер апат аймағы деп жарияланып, онда төтенше жағдайда көрсетілетін көмектер жеткізіле бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG