Accessibility links

Ирақтың барлық түкпірінен жиналған делегаттар Бағдатта Ұлттық конференцияны бастады


Оның мақсаты Ирақ халқын демократия даңғылына шығару болуда. Басқосуға келген БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Ашраф Қазим: “Аралық кеңесті сайлауда табысқа жеткендеріңіз сіздердің айқын түрде ортақ қызығушылықтарыңыз болып табылады. Мұның өзі-2005-ші жылдың 31-ші қаңтарында сайлаулардың сәтті өтуіне және сол жылдың соңына қарай Ирақтың Ата заңдық демократияға көшуіне сенімділік пен кепілдік беретін жайыт”-, деді Қазим мырза. Бағдат конференциясында сақтық шаралары ең жоғарғы деңгейге келтіріліген. Дей тұрғанмен, конференция жүріп жатқан “жасыл аймақ” деп аталатын қала ауданына жақын маңда бірнеше жарылыстар орын алды. Бұл жолы жиналған бір мың 300-дей делегаттар елдің барлық аймағындыға саяси партиялар мен азаматтық, діни ұйымдар атынан келіп отыр. Басқосу барысында Ұлттық Ассамблея құрамы анықталатын болады. Ал, ол Ассамблея өз кезегінде Ирақ халқына демократиялық сайлауларды өткізуде басшылық жасамақшы.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG