Accessibility links

Астанадағы Евангелия-лютеран шiркеуiнiң ескi ғимараты бұзылып, үстiне көше түседi

  • Ескендір ЕРТАЙ

Астана әкiмдiгi Евангелия-лютеран шiркеуiнiң ескi ғимаратын бұзып, оның орнына тұрғын үй құрылысын бастамақ болды. “Бұған қаланың дiни бiрлестiктерi мен қоғамдық ұйымдары араласып әупiрiммен алып қалды”,- дейдi шiркеудiң пасторы Юрий Новгородов. Өйткенi, ғибадатхана Қазақстанның “Дiни бiрлестiктер туралы” заңын мүлтiксiз орындаған көрiнедi.

Оның айтуынша Қазақстандағы Евангелия-лютеран дiни ағымының үш жүз жылдық тарихы бар. Ал, Астана қаласы бойынша тарихи мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция бастығы Серiк Оспанов храмның үстiнен қаланың Бас жобасы бойынша үлкен көше түседi.

Астана қалалық қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Николай Мальцевтiң айтуынша, шiркеу қызметкерлерi қала құрылысы және сәулет департаментiнiң осы ғибадатхананы бұзып, орнына тұрғын үй кешенiн салу жөнiндегi қатынас қағазын алған бойда, үлкендi-кiшiлi былғары есiктердi жағалады. “Үкiметке, халықаралық дiни бiрлестiктерге шықты. Соңында, қала әкiмдiгi бұл ғимаратты бұзбау жөнiнде шешiм шығарды. Өйткенi, ол рухани және тарихи құндылыққа жатады,-” дейдi Никлоай Мальцев.

Евангелия-лютеран шiркеуiнiң қасиеттi әулиесi Юрий Новгородовтың айтуынша, қала әкiмдiгiмен екi арада тарихи ескерткiш жөнiнде әңгiме болмаған көрiнедi.

Юрий Новгородов:”Бiздiң көп қайтара жасаған өтiнiштерiмiзге орай және дiни ағымның қызмет еткен уақытында Қазақстанның “Дiни бiрлестiктер туралы” заңын мүлтiксiз сақтағандығын ескере отырып, қала әкiмдiгi орнымыздан қозғамайтын болды. Бiрақ қашанға дейiн қозғамайтынын кiм бiледi,-” дейдi.

“Бұл таза құқықтық мәселе. Ескi ғимаратты бұзып қала келбетiне сай жаңа құрылыс салу әкiмдiктiң мiндетi. Алайда, дiни орынды бұзу қисынсыздық. Ислам дiнi басқа дiндегiлерге үлкен құрматтеушiлiкпен қарайды,-” дейдi дiнтанушы Мұртаза Бұлұтай.

Қалалық қоғамдық келiсiм басқармасының жауапты қызметкерi Светлана Әбдешеваның айтуынша, Астанада ресми тiркелген 44 дiни бiрлестiктер бар. Олардың арасында заң бұзушылық орын алған емес. Әзiрге, басқа ойлы секталар да тiркелмеген көрiнедi.

Дiн танушы Мұртаза Бұлұтай “Бiз басқа дiн өкiлдерiнiң ғибадатханаларын құлатудың орнына, өз халқымыздың жүрегiнде Исламның үйiн тұрғызуымыз керек. Әрбiр, жасты дiни тұрғыда жақыс тәрбиелей алсақ, елiмiзге келiп жатқан басқа дiндерге олардың енiп кетуiне қорған бола аламыз,-” дейдi.

Астана қаласы бойынша тарихи және мәдени мемлекеттiк мұраларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция бастығы Серiк Оспановтың айтуынша, храмның иелелерi тарихи маңызын ескере отырып оны мәдени және тарихи ескерткiштердi қорғау комиссиясының отырысында қарап мемлекеттiк тұрғыда қорғалатын ескерткiштер тiзiмiне енгiзу мәселесiн қозғапты.

“Осындай өтiнiшпен қала әкiмдiгiне Евангелия-лютеран шiркеуi иелерi шықты.Өйткенi, 1950 жылдары салынып, қазiр үлкен ғибадатханаға айналыпты. Алайда, комиссия шешiмi басқаша болды. Өйткенi, осы храм орналасқан Иманов көшесi бойынан қаланың Бас жобасы бойынша үлкен көше түседi,-”дейдi.

Серiк Оспановтың айтуынша, Евангелия-лютеран дiни ағымындағы жандарға қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi ескi ғимараттың орнына жаңа ғибадатхана салып берудi мiндетiне алып отырған көрiнедi.
XS
SM
MD
LG