Accessibility links

300 мыңнан астам оралмандардың 25 мыңы сайлауға қатыспайды

  • Айнагүл САҒДИ

Қазақстанға шетелдерден келген 300 мыңнан аса оралмандардың 25 мыңы күзде болатын сайлауға қатыса алмайды. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік өкілдерінің айтуынша, олар әлі азаматтық алып үлгермеген.

Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі Агенттіктің көші-қон жөніндегі басқарма бастығы Аслан Қаржаубаев «Бүгінде азаматтық алу қиындық тудырмаса да 25 мыңдай оралман алып үлгермей отыр. Олардың дауыс беруге құқылары жоқ. Сайлауға қатыса алмайтын оралмандар саны алдағы уақытта әлі де өзгеруі мүмкін. Ал жалпы Қазақстанға шетелдерден келген 330 мыңға жуық оралмандардың азаматтық алғандары Қазақстанның азаматы болып саналады. Сол себепті алдағы сайлауға қатысуға толық құқылы», - дейді.

Қазақстанға 1992 жылы келген Бейімхан Нұриқызы «Қазір оралмандарға жақсы жағдай жасалған, азаматтық алу қиын емес», - десе, Ендібай Ержігіт 2 жылдан бері квота болмауы себепті азаматтық ала алмай жүр екен. Сол себепті сайлауға қатыса алмаймын дегенді айтты.

Бейімхан Нұриқызының отбасында 6 адам бар екен, оның біреуі кәмелеттік жасқа толмағандықтан, дауыс бере алмайды, ал бесеуіміз дауыс береміз, сайлау тәртібімен таныспыз, бірақ кімге дауыс беретініміз әзірге белгісіз дейді.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің әр облыстағы оралмандардың жетекшілерімен кездесу ұйымдастырып жүргендерін, түсінік жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтады.
XS
SM
MD
LG