Accessibility links

Үш америкалық азамат Ауғанстанда жеке түрме ұстап, Ауған азаматтарын азаптағаны үшін айыпталуда


Оларға қатысты сот бүгін Қабылда қайта жалғасты. Топтың басшысы, бұрынғы АҚШ солдаты Жонатан Идема және оның екі америкалық әріптесі мен ауғандық қызметкерлері Пентагон ресми өкілдерінің, оның ішінде Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфелд те бар, мақұлдауымен лаңкестік әрекеттерге қарсы шаралар жүргізген екен. АҚШ және Ауған өкіметтері бұл топпен қандайда бір байланыста болғандарын жоққа шығаруда. Дей тұрғанмен, АҚШ-тың бастауындағы Ауғанстандағы күштер бұл топпен кейбір байланыста болғандарын растауда. Ол үшеуі шілде айында ұсталған болатын. Олар кепілдікке адам ұрлау және тән қинаулар жасағандары үшін айыпталуда. Сот шілденің 21-де басталған болатын.
XS
SM
MD
LG