Accessibility links

Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы Қазақстан үкіметін сотқа берді


Қазақстанның коммунистік партиясы мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы тоқсаныншы жылдары қарқынды басталып, артынша-ақ лезде басылып қалған азаматтардың инвестициялық жинақтаушы купондарының жайын жоғарғы биліктен даулап отыр. Осы мәселемен екі жылдан бері айналысып, сол қорытынды жұмыстарының нәтижесі ретінде және бұған билік жауап беруі қажет деген ұстаныммен Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы ел үкіметін сотқа берді.

Өзін және заңды құрметтеуші мемлекеттік органдар республика азаматтары алдындағы тиесілі міндеттерін орындауға кез-келген уақытта, тіпті үкіметтің ауысуына қарамастан жауапты дейді Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағының басшылығы. Алайда билік бұл міндетін ұмыт қалдырғандықтан да Қазақстан салымшыларына кезіндегі 195 инвестициялық жекешелендіру қорларынан дивиденттерін қайтарқызу үшін күресуге бел байлап отырмыз дейді олар. Осы тұрғыда жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның коммунистік партиясы мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының өкілдері республика бойынша із-түзсіз жоғалған қорлардың 361092 салымшыларын тіркепті. Сөйтіп, аталған саяси күштер өз тараптарынан үкіметтің міндетін жеңілдету үшін заңгерлері дайындап жатқан инвестициялық жинақтаушы қорлары салымшыларының тізімін әзірлеуді мойнына алып отыр.

Ал дәл сайлау алдында осы мәселе бойынша үкіметті жауапқа тартуларын коммунистер жетекшісі Серікболсын Әбділдин екі жылдан бері істі енді пысықтап алғандықтарымен түсіндірді.

Сондай-ақ Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының төралқа төрағасы Асылбек Қожахметов ендігі уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін мемлекет үлесі бар барлық ірі кәсіпорындар кіретін Халықтық Акционерлік қор құруды ұсынатындықтарын жеткізді.Қазақстан азаматтары қордың акционерлері ретінде әлгі табыстан жыл сайын дивидент алуға тиіс дейді Асылбек Қожахметов.

Ал енді осы мәселе бойынша Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы ел үкіметін сотқа беруінің құқықтық жағынан орынды екенін Заңгер Серікқали Мусин айтады.

Алайда экономист – ғалым Орақ Әлиев экономикалық жағынан талап дұрыс, ал заң тұрғысынан келгенде күмәні бар екенін айтады.

Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы өздерінің Халықтық Акционерлік қор құру ұсыныстарын 19 тамыздағы сайлау бағдарламаларында жариялайтындықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG