Accessibility links

Герат провинциясында бақталас жасақтардың арасында қақтығыс жалғаса түсті


Шайқастарға танктермен ауыр артиллерия қосылды. Ауғанстан батысындағы Герат провинциясының әкімі Исмаил Ханның қарсыласы Аманулла Ханның жеке әскері Герат қаласына шығыс жақтан 20 шақырымға келді, солтүстіктенде жақындады деген мәлімет айтылды. Герат қаласының полициясы қарсыластар қаланың сыртында көз жететін жерге келіп қалды деді.

Аманулла Ханның әскеріне төтеп беру үшін Герат қаласының оңтүстік тұсындағы әуежайға мың жарым үкімет сарбазы сенбі күні қоныстандырылған болатын. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай жеке әскерлердің болмысы ел тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр деп сипаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG