Accessibility links

Грузия және Оңтүстік Осетия жанжалы жалғаса түсті


Грузия және Оңтүстік Осетия әскерлері арасында түнде болған атыста бір грузиялық сарбаз қаза тапты, үшеуі жараланды. Бұл туралы Грузия ішкі істер министрі Ираклий Окруашвили хабарлады. Соңғы екі күнде Оңтүстік Осетияда болған қақтығыстарда үш сарбазымыз қаза тапты, дейді Грузия. Сөйтіп, өткен жұма күні келісілген бейбіт келісіміне нұқсан келді. Осетиндік сарбаздарда қаза тапты деген Грузияның мәліметін Оңтүстік Осетия өкілдері жоққа шығарды.

Грузия, Оңтүстік Осетия, Солтүстік Осетия және Ресей өкілдерінен құралған Біріккен Комиссия бүгін Тбилисиде бас қосып, жағдайды талқыламақ.
XS
SM
MD
LG