Accessibility links

Израил қоныстандыру саясатын жалғастырып жатыр


Израил үкіметі Батыс жағалауда еврей қоныстандыру саясатының аясында бір мыңға жұық үй салуға бүгін байқау жариялады. Палестина басшысы Ясир Арафаттың кеңесшісі Нәбіл Абу Рденех бұл шешімге сөгіс айтып, халықаралық қауымдастықты Израилдың құрылыс жоспарын тоқтатуға шақырды. Израилдің Батыс жағалауда қоныстандыру қызметін зерттеуге келесі айда АҚШ делегациясыда келетіні белгілі.

"Жол картасы" жоспарын орындауға Израил үкіметінің құлшыныс танытпағанына жақында АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл өкініш білдірген болатын. Бейбітшілік орнату жоспары бойынша Израил палестиндық жерде қоныстандыру қызметін тоқтату керек.
XS
SM
MD
LG