Accessibility links

Грузия мен Оңтүстік Осетия төңірігіндегі жағдай күрделі болып тұр


Грузин-осетин аймағында түнімен оқ-атыс болды. Мұның салдарынан 3 грузин әскери қызметкері қайтыс болды, 5 адам жаралы. Осетия жағынан қанша адам зардап шешкені хабарланбай отыр. Тбилисидің тұжырымы бойынша, оңтүстік осетияның қарулы күштері Цвериахо тауындағы позицияны алғысы келген. Ал Оңтүстік Осетияның хабарлауынша, грузияның әскерилері бронитехниканың қолдауымен Сарабук ауылын атқылаған, бірақ бұдан нәтиже шықпаған. Шиеленісіп тұрған жағдайды реттейтін аралас бақылау комиссиялары төрағаларының орынбасарлары Цхинвалида кездесіп жатыр.
XS
SM
MD
LG