Accessibility links

Ирақтағы қақтығыс жалғасын тапты


Мұқтада Әль Садырдың жақтастары алдағы сағаттарда қарусызданбаса, онда олардың көзі жойылады деп, мәлімдеді Ирақтың қорғаныс министрі Хазим аш Шаалан.

- Олардың қарусыздануға мүмкіндігі бар, Моқтада Әль Садыр оның тағдырын шешетін Ирақтың бас министрі Аллауиға келуі тиіс, - деді Хазим аш Шаалан. Ирақтан біріне-бірі қайша келетін ақпараттар түсіп жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының басхатшысы Кофи Аннан мәселе бейбіт жолмен, Ирақ мемлекетімен, халықтың пайдасына қарай шешілетін шығар, дегенді жеткізді.

-Біз барлықтарын жалпыұлттық конференцияға шақырдық. Олардың арасында Мұқтада Әль Садырда бар. Біз оның өкілдерімен де кездестік. Болып жатқан саяси оқиғаларға қатысу Ирақтағы демократияның қалыптасуына үлкен үлес қосу деген сөз,- деді Кофи Аннан.

Бұдан бұрын Мұқтада Әль Садыр қақтығысты тоқтатқысы келген саяси және діни қайраткерлермен кездесуден бас тартқан болатын. Әль Садырдың жақтастары күні бүгіне дейін шииттердің қасиетті имам Әлінің кесенесінде жасырынып жатыр. Бұл кесенені американдық әскерилер қоршауға алған болатын.

Бағдадтағы жалпы ұлттық конференция бүгін осында орын алған келіспеушілікті реттеп, уақытша заңшығаратын органды сайлап алуы керек. Бұл заңшығарушы орган уақытша үкіметтің жұмысын қаңтар айында болатын сайлауға бақылап отырады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG