Accessibility links

Қазақстанда СПИД ауыруына шалдыққандар саны күннен күнге өсуде


Бүгінде Қазақстан бойынша СПИД ауруына шалдыққандар саны 20 мың адамды көрсетіп тұр. Ауыру негізінде жеңіл жүрісті әйелдер мен нашақорлар арасында көп кездеседі. Одан бөлек мамандар қоғамда аталмыш ауыруды жұқтыру мүмкіндігі бар 5 осал топтар бар деуде.

Бүгінде дүниежүзі бойынша шамамен 40 млн адам СПИД ауыруына шалдыққан. СПИД ауруының кең тарағаны Африка елдері екен, ол жерде ауырулардың саны жалпы көрсеткіштің 30-35 пайызын құрайтын көрінеді. Жалпы бүгінде аталмыш аурудан 20 миллион адам көз жұмған.

Мамандардың сөзіне қарағанда, бүгінде Спид Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде кеңінен таралып келеді. Қазақстан Республикасының өзінеде 2002-ші жылмен 2003-ші жыл аралығында Вич инфекциясын жұқтырған адамдар саны 25 пайызға өскен. Биылғы жылдың көрсеткіші Республика бойынша тіркелген 20 мың адамды көрсетіп тұр. Десекте бұр ресми тіркелгендер ғана. Ал жалпы ауырулар санының қанша екенін білу үшін, мамандар бар көрсеткішті бірнеше есе көбейту керек дегенді айтады. Оның себебін Біріккен Ұлттар Ұйымының СПИД бойынша бірлескен бағдарламасының үйлестірушісі Александр Косухин төмендегідей түсіндіреді. Оның айтуынша, Спидке шалдыққан адам белгілі клиникалық жағдайлары байқалмайды. Соның себебінен дәрігерге қарала қоймайды.

Александр Косухинің айтуынша, аталмыш ауыруға шалдығатындардың басым бөлігі нашақорлар мен жеңіл жүрісті әйел адамдарды құрап отыр. Ал Қазақстандағы нашақорлар саны маманың сөзіне қарағанда 200 мың адам.

Сонымен қатар Республика бойынша жезөкшелер саны шамамен 20 мың болса. Александр Косухиннің айтуынша, жеңіл жүрісті әр әйел күніне 3 адаммен қатынасқа түссе, 240 жұмыс уақытын алғанда орта есеппен әр біреуі 700 –ден астам жыныстық қатынасқа түседі екен.

Осыдан шығатын нәтиже егер нашақорлар қарапайым тазалықты ескеріп отырса, ал жеңіл жүрісті әйелдермен қатынасқа түсетін адамдар қорғаныс көздерін қолданса, ауыру санын бірнеше рет төмендетуге болушы еді.

Ал Шымкент қаласының облыстық СПИДке қарсы күрес орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Дәулет Жұмағалиевтің айтуынша, бүгінде осы облыста СПИД ке шалдыққандар саны едәуір өскен.

- Жалпылама сан бойынша облыс үшінші орындамыз, Республика бойынша. Павлодар, Қарағанды облысынан кейін. Өсім бойынша да үшінші орындамыз. Жылдан жылға саны көбейіп отыр.Негізгі көбею 2001-ші жылдан басталған, оған дейін 31 ғана адам есепте тұрған. Бүгінгі таңда 500-ден асып кетті есепке тұрғандар. СПИД ауыруна шалдыққан 11 адам , оның ішінде 9-ы қайтыс болды.

СПИД ауыруының кең таралмасы үшін бірнеше жұмыстар қолға алынып отыр. Ол ең бірінші қоғамдағы осал топтар ішінде жүргізілеп жатыр дейді, дәрігер маман.

- Бұларға негі жататындар мына нашақорлар. Өйтіп айтатын себебіміз, бізде 81 пайызы жалпы нашақорлар. Содан кейін жезөкшелер. Содан кейін қалған мына жүкті әйелдер ішінде , жол серіктер, жастар арасында кейін жыныстық жолмен жұғатын ауырулар арасында . Сосын мына түрмеде отырғандар арасында қазір негізгі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ал Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының алдын алу бағдарламаларының бөлім меңгерушісі Венера Байсүгірова, статистика бойынша балалар ерте жаста жыныстық қатынасқа түседі. Сол кезде олардың қандайда бір ақпарат алмағандығы, өздерін қалай қорғауды білмегендігі байқалады. Ал ата- аналар осы сәттерді жіберіп алады. Тіпті нашақорлық туралы өз балаларымен сөйлесе қоймайды. Олардың ойы бұл төңірегінде дәрігерлер немесе мұғалімдер әңгіме жүргізу керек. Көп жерде біздің елдің менталитеті осы тақырыпты өз үйінде ашық айтуға мүмкіндік бермейді дейді Венера Байсүгірова.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG