Accessibility links

Қазақстан жастары тұңғыш рет мәжіліс депутаттығына өз үміткерлерін ұсынып отыр


Бұған дейін кейбір сарапшылар Қазақстандағы сайлауларға жастардың қатысу белсенділігі өте төмен деп келген болатын. Алайда алдағы мәжіліс сайлауына Республика тұрғындарының 27 процентін құрайтын жастар үлкен дайындықпен келіп отыр дейді елдегі 100 ден аса жастар ұйымдарын біріктіретін Қазақстан жастар конгресінің басшылығы. Мұның себебін олар тұңғыш рет жастар өз кандидаттарын ҚР парламенті мәжілісіне кандидат етіп ұсынып отырғандарымен түсіндіреді.

Алдағы ҚР парламеті мәжілісі сайлауына республика жастарының басын біріктіріп, алғаш рет ұйымдасқан түрде барғалы отырған Қазақстан жастар конгресі өздерінің қарсыластары - аға буын өкілдеріне бәсекені әділ әрі шынайы жүргізуге шақырып отыр. Себебі, жастардан ұсынылып отырған үміткерлердің тәжірибесі аздығы мен жастығын пайдаланып кетушілік ә дегеннен-ақ аға буын өкілдерінің пиғылдарынан білініп отыр дейді олар. Сондықтан да сайлау әділ өтсе, жастардан ұсынылып отырған үміткерлердің көпшілігі жеңіп шығар еді дейді Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Өтешов.

Сондай-ақ Алматы қаласының жастар ұйымдары қауымдастығының өкілі Шолпан Смақова өз үміткерлерін өткізуге және жалпы сайлауға жастар дайын дейді.

Алайда демограф-ғалым Мақаш Тәтімов өз зерттеулеріне сүйене отырып, жастардың әлі сайлауларға дайын еместігін айтады.

Дегенменде жастар проблемаларын зерттеу орталығының директоры Владислав Сергеев жастардың құлықсыз болып келуінің себебі олар бұған дейін өз үміткерлерін көре алмай келген болатын дейді. Енді жастардың өз үміткерлері бар және сол жастардың 60 проценті сайлауға толық дайын дейді.

Ал жастардың салауатты өмір салты үшін атты ұйымының өкілі Әсел Ахметова ел жастарымен жоғарғы билік бұған дейін санаспай келген болатын. Енді олар саясатқа өз беттерімен араласа бастады дейді ол.

Мәжіліс депутаттығына үміткер жастардың өтуі ол елдегі жастар саясатына да оң ықпалын тигізер еді дейді Әсел Ахметова.
XS
SM
MD
LG