Accessibility links

АҚШ президенттігінен үміткер демократ Джон Керри президент Буштың шет елдердегі американ әскерлерін өзге аймақтарға көшіру жоспарын сынады


Демократик партиядан АҚШ президенттігінен үміткер Джон Керри президент Буштың, 70 мыңдай американ әскерін Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапониядан он жыл ішінде өзге аймақтарға алып шығып кету жоспарын сынап отыр.

АҚШ президенті Буш 70 мыңдай әскерді көшіру жөніндегі өз жоспарын жарияласымен-ақ, артынша, сәрсенбі күні Джон Керри Огайо штатының Синсинати қаласында бір топ ардагерлермен кездескенде оны ашық сынап, ол жөніндегі өз күдіктерін де айтты. Атап айтқанда, Джон Керри былай деді.

- Президент Буштың түсініксіздеу мәнде жариялаған ол жоспары лаңкестікке қарсы соғыста бізге күш-құдірет қоса қоймас. Ол жоспар 2006-жылға дейін өз күшіне енбейді. Ал оны іске асыру үшін кемінде он жыл қажет болады, - деген Джон Керри.

Джон Керридің айтуынша, президент Буштың бұл саясаты бойынша, АҚШ бүкіл әлемдегі ал-Қайда ұйымы топтарымен күресіп келе жатқан бір кезде, күтпеген жерден өз әскери құрамын, күштерін қысқарту керек болып отыр. Сондай-ақ, әскери күштерді орнынан қозғату Ирақтағы қазіргі соғыста көмектесіп жатқан одақтас елдермен АҚШ арасындағы байланысқа да кесір боп тиюі мүмкін, дейді Джон Керри.

Керридің тағыда бір келесі пікірінше, Оңтүстік Кореядағы әскерлерді қысқарту ұлттық қауіпсіздік шараларына да кедергі болады. Себебі, АҚШ қазіргі кезде Солтүстік Кореядағы ядролық қарулар бағдарламасын жою мәселесімен тікелей айналысуда, дейді Керри.

-

Не үшін біз біржақтама жоспармен Корея түбегінен бірден 12 мың әскерді алып шығып кетуіміз керек? Қазіргі кезде біз ядролық қаруларға ақиқатында ие елдердің бірі Солтүстік Корея мен келіссөздер жүргізіп отырған жоқпыз ба ? - деп сауал тастайды Джон Керри.

- АҚШ пен бірге Солтүстік Корея мен келіссөздер жүргізіп келе жатқан мемлекеттер қатарында Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония және Қытай бар. Барлығының мақсаты - Солтүстік Кореядағы ядролық қаруларды жою.

АҚШтың Орталық барлау агенттігі деректеріне қарағанда, ол елде кемінде екі шағындау ядролық бомбасы бар көрінеді.

Ол елдегі американ сарбаздарының саны шашамен 37 мыңдай. Соның 12 мыңын алып кету жоспарланған.

Джон Керри президент Буштың Ирақтағы саясатына да бүткілдей қарсы. - Ираққа не қажет екендігін мен білемін. Бізге одақтастарды біз тарапқа тартатын президент қажет. Сонда ғана Ирақтағы шаруа шешіледі. Өз сарбаздарымызды елге қайтара аламыз, - дейді Джон Керри.

Демократтардан үміткер Джон Керри, егер қарашада президент болып сайлансам, онда мен американдықтардың ойынан шыққан болар едім дейді.

Сондай-ақ, ол Вьетнам соғысына қатысқан сарбаз ретінде американдық соғыс ардагерлерінің қолдауына үміт артады.
XS
SM
MD
LG