Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08-20-2004


Қазақстанның демократиялық таңдауы алықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың Павлодар облысының “Шідерті” колониясына барып орналасуы оппозициялық және тәуелсіз басылымдардың назар аударған негізгі тақырыбына айналыпты.

Қазақстанның демократиялық таңдауы алықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың Павлодар облысының “Шідерті” колониясына барып орналасуы оппозициялық және тәуелсіз басылымдардың назар аударған негізгі тақырыбына айналыпты. “Қазақстан” басылымы өзінің соңғы санында Ғалымжан Жақияновтың “Шідерті” колониясынан телефон соққанын хабарлапты. Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, “Шідерті” колониясының “Құсмұрын” түрмесінен еш айырмашылығы жоқ. “Шідерті” колониясында бұған дейін біраз жеңілдіктер болған екен. Мен келген соң, бұл жерді қатаң режим обьектісіне айналдырмақ екен. Басқалар секілді мені де жалпы бараққа орналастырды” дейді Ғалымжан Жақиянов.

Сондай-ақ газеттің осы санында жарық көрген тағы бір мақалада Қазақстан Парламенті сенатының депутаты Зәуреш Батталованың Павлодар облысы “Шідерті” поселкісіндегі жалпы қоныстану колониясында жатқан Ғалымжан Жақияновпен кездісіп қайтқандығы айтылыпты. Зәуреш Батталованың айтуынша, “Жақияновтың денсаулығы жаман емес, Күш-жігері қайратты”.

Осы мәселеге байланысты “Қазақстан” газетіне өз ойын білдірген Адам құқы және заңдарды сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис “Жақияновты “Шідертіде” сыртқа шығармай, коллонияда қамап отырғаны заңға қайшы келеді деп есептейді. “Заң бойынша о белгілі бір өндіріс орындарымен шартқа отырып, сол аймақта жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар” дейді Адам құқы мен заңдарды сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.

“Ассанди таимс” газетінің заңды жалғасы болып табылатын “Республика” басылымы да бұл тақырыпты назарынан тыс қалдырмапты. “Республика” газетінің жұма күнгі санында “Павлодардың маңайындағы Архипелаг Гулаг” деген Александра Лазорскаяның көлемді мақаласы жарық көріпті. Мақала авторының айтуынша, Ғалымжан Жақияновқа байланысты жасалатын жеңілдіктердің бәрі де шын мәнісінде көзбояушылық қана болып шыққан. Ғалымжанның жұбайы Қарлығаш Жақиянованың айтуынша, Құшмұрын түрмесінен Ғалымжанды құпия түрде алып шыққан, тек адвокаттың қырағылығының арқасында ғана оның жаңа қонысының мекен-жайы белгілі болған. Мақала авторының айтуынша, қазіргі кезде Ғалымжан Жақиянов ауыстырылған түрмеде карантин жарияланған, сондықтан түрмеге тек депутаттар мен туыстары ғана жіберіледі екен. Сондай-ақ мақала авторы Жақиянов ауыстырылған жаңа түрменің Павлодар қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқанын, кезінде бұл түрмеде жазушы Александр Солженицинның саяси тұтқында болғандығын да тілге тиек етіпті.

“Начнем с понедельника” апталығы болса, газеттің келесі санында Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың оқырмандардың сауалына жауап беретіндігін хабарлапты. Ал, газеттің жұма күнгі санында жарық көрген Евгения Воитковичтің мақаласында Ғалымжан Жақияновтың төңірегінде болып жатқан оқиғалардың бәрі де 1937 жылғы репрессия науқанын еске түсіреді деп айтылыпты. Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, Құсмұрын түрмесінен оны таңғы сағат сегіз кезінде алып шыққан. Жолда оған әйеліне телефон соғуға рұқсат етпей, машиналардың нөмірлерін ауыстырған. Ал, Астанадағы 10 коллонияда Ғалымжан Жақияновты басқа көлікке отырғызуға тырысқан. Алты күні бойы Ғалымжан Жақияновтың әйелі де туған –туысқандары да оның тағдырынан хабар-ошарсыз қалған.

Ал, Ғалымжаның әйелі Қарлығаш Жақиянова “Начнем с понедельника” газетінің жұмы күнгі санына берген сұхбатында биліктің Ғалымжан Жақияновтың толық бостандыққа шығарғысы келмей отырғандығын тілге тиек етіпті. Сондай-ақ Қарлығаш Жақиянова мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдиннің “қазіргі кезде Ғалымжан Жақияновтың тағдыры президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың шешіліп жатыр” деген сөздерін мысалға келтіріпті. “Сол себептен де Ғалымжан Жақияновқа байланысты әділетті шешім қабылданатынына сен сенбеймін. Өйткені президент әкімшілігі жетекшісінің ар-ожданының тазалығына байланысты менің үлкен күмәнім бар” дейді Қарлығаш Жақиянова.

“Ақ жол” партиясының тен төрағасы Болат Әбілов та “Начнем с понедельника” газетінің жұма күнгі санына берген сұхбатында Ғалымжан Жақияновтың төңірегінде боып жатқан оқиғаларға қатысты өз ойын білдіріп өтіпті. Болат Әбіловтың пікірінше, Ғалымжан Жақияновтың ісінде ешқандай да қылмыс жоқ, тек саяси себеп қана бар. “Билік коррупцияға қарсы күрес деген сылтауды желеу етіп, өзінің қарсыластырының көзін жоюды ғана мақсат етіп отыр” дейді Болат Әбілов.

“Панорама” апталығының жұма күнгі санында жарық көрген Ярослав Разумовтың мақаласында да оппозиция өкілдерінің Ғалымжан Жақияновтың төңірегінде қалыптасқан ахуалға байланысты қатты алаңдаушылық танытып отырғандығы айтылыпты. Мақала авторының айтуынша, оппозиция өкілдері Ғалымжан Жақияновты жаңа түрмеге апарғаннан кейін, басқа іс бойынша оны тағы да қамап қоюы ықтимал.

“Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының саяси кеңесінің мүшесі Гүлжан Ерғалиева “билік халықаралық қоғамдастықты да, Ғалымжан Жақияновтың бостандығын қалаған миллиондаған қазақстандықтарды алдап кетті” деп мәлімдепті.
XS
SM
MD
LG