Accessibility links

Ариэль Шаронның ұсынысы қолдау таппады


Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон басқаратын Ликуд партиясы Ариэль Шаронның билік коалициясына оппозициялық Еңбек партиясын қосу туралы ұсынысына қарсы дауыс берді. Шарон Еңбек партиясы оның Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіру туралы ойын қолдайды, деп ойлаған. Бірақ Ариэль Шарон дауыс беру нәтижесі міндетті емес дегенді айтты.Ликуд партиясының құрылтайы барысында Ариэль Шарон коалицияның кеңейуіне және Газа аймағынан кетуге альтернатива жоқ, деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG