Accessibility links

Австралия Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дауды шешуге белсінді түрде ат салысып жатыр


Австралияның сытқы істер министрі Александр Даунер Пхеньянға жасаған сапар аяқталғаннан кейін Гонконгта өткен баспасөз мәслихаты барысында : - Мен Солтүстік Корея жетекшілігіне келіссөздер Пхеньян мен Вашингтон арасындағы пікірталас негізінде жүрмеуі керек, дегенді жеткіздім. Егер Пхеньян ядролық бағдарламасын тоқтатса, халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяның гуманитарлық, экономикалық мұқтажын ескереді, дегенді жеткізді, -деді Австралияның Сыртқы істер министрі Александр Даунер. Австралия өз кезегінде келіссөз жүргізетін Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Ресей және Қытайдың мемлекеттері қатарына жатпайды. Вашингтон Пхеньян ядролық қаруды жетілдіру жұмыстарынан бас тартсын, деп талап қояды. Пхеньян болса қауіпсіздіктің кепілі және экономикалық өтем болса, деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG