Accessibility links

“Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы” “Асар” партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваны сотқа берді

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

“Сайлау туралы” Конститутциялық заңын “Асар” мен “Отан” саяси партиялары сайлау компаниясы басталмай жатып бұзуларының жалғасуы құқымызды шектеп отыр дейді “Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағының” басшылығы. Сондықтан да “Асар” партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваны өзінің қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін “Хабар” телеарнасымен бірге Жоғарғы сотқа бердік дейді олар. Осыған орай үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері тағы қандай құқық бұзушылықтар орын алып отыр деген сұраққа жауап іздеп көрген едік.

“Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы” сайлау науқаны басталмас бұрын кейбір бәсекелес партиялар тарапынан басталған қадамдардың өз құқықтарын шектеуі енді билік тарапынан өрши түсті дегенді айтады. Бұндай жағдайларды ауыздықтау қажет деп шешкен олар бірнеше деректер бойынша, ҚР Жоғарғы соты мен Алматы қалалық сотына шағымданып отыр. “Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы” сайлау штабының жетекшілерінің бірі, заңгер Мустақим Төлеев сотқа жүгіну амалсыздықтан туындаған шара дейді.

Ал республика бойынша да “Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағынан” сайлауға түсіп жатқан үміткерлер түрліше қысымға тап болып отыр дейді Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы атқару комитетінің мүшесі Маржан Асфандиярова.

Осы үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері жалпы құқық бұзушылықтар басқа да жерлерде орын алып отыр ма деген сұраққа орай Шымкент қаласының 60 сайлау округінен депутаттыққа кандидат Нұрлан Тайшыбеков мұндай жағдайлардың кездесетіндігін айтады.

Сондай-ақ Алматы қаласының 3 сайлау округінен депутаттыққа кандидат Өтен Сәлім де бұл ретте кедергілерге кездесіп отырғанын жеткізді.

“Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағы” жалпы осындай құқық бұзушылықтарға көз жұмып қарап отырған орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерінің қалай болатындығына куәлік беріп отыр дейді.
XS
SM
MD
LG