Accessibility links

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің атына «Руханият» саяси партиясы Қазақстанда «Анаға тағзым ету» күнін белгілеуді ұсынған хат жолдамақ


Бұл туралы тамыздың 20-ы күні «Руханият» партиясы төрайымының орынбасары Ғалия Сыздықова «Азаттық» радиосына хабарлады.

Демография және көші–қон агенттігінің төрайымы Алтыншаш Жағанова көшбасшы болып отырған бұл партияның қазіргі уақыттағы құрамы 80 мыңнан асыпты.

Ал, Қазақстанда анаға тағзым ету күнін белгілеу туралы шешімді партия өзінің төртінші съезінде қабылдап, бағдарламасына енгізіпті. Ғалия Сыздықова партияның мұндай бағыт ұстануының себебін Қазақстандағы әйелдердің жағдайымен байланыстырады.

«Руханият» партиясы төрайымының орынбасары Ғалия Сыздықова ана мәртебесін көтеруде мемлекеттік деңгейде іс-шаралар жасалуы тиіс. Анаға тағзым ету –адамзатты қастерлеу. Болашақта ана күндерін өткізуді дәстүрге айналдырсақ. Бұл күні тек аналарға тағзым ету күні деп белгілесек, дейді.

Ғалия Сыздықова аналардың жағдайы әлі де ойдағыдай емес деген пікірде:

- «Руханият» кез-келген ұлт әйелдерінің, әсіресе, әйел аналардың мәртебесін көтеруді талап етіп жатыр. Бұл орайда жүздерін әжім баса бастаған аналардың жағдайлары ойдағыдай емес. Аналар да көптеген мәселелер бар. Көпбалалы аналардың жағдайлары ескерілмеген. Жағдайлары өте нашар. Қосымша қаражатты талап ететін аналар бар. Оларға жеңілдіктер беру, бұл мәселелерді де алға қойып отырмыз. 40 жастан әйелдерге жұмысқа орналасу қиын болып кетті.

Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Айткүл Самақова ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайына алаңдайтынын айтады.

Ал,өзін Тамара Михайловна деп таныстырған Астана тұрғыны бүгінгі әйелдердің жағдайы барынша жақсы. Олар бәріне араласады, жұмыс жасауда деген пікірде.

Астанаға оқу іздеп келген Ғалия есімді жас «Анаға тағзым» күнін белгілеуді қолдайды. Болашақ ана ретінде аналар жағдайының жақсаруын қалайды.

Ал, базарда сауда жасап отырған аналар Астанаға күнкөріс қамымен келгендерін айтып, ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты алға тартты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова ауылдық жерде жұмыс қиындығының барын жоққа шығармайды.

Парламент Сенатының депутаты Жабайхан Әбділдин әйелдердің жағдайы оңай емес деген пікірде.

Сонымен «Руханият» партиясы ана мәртебесін көтеруге атсалысатындарын алға тартып отыр. Партиялық тізіммен 5 адам Мәжіліс депутаттығына түспек. Оны «Руханият» партиясының жетекшісі Алтыншаш Жағанова бастап тұр.
XS
SM
MD
LG