Accessibility links

Венесуэлада жексенбі күні болған референдумның нәтижелері тексеріліп жатыр


Бұл референдум барысында ресми мәліметтер бойынша, халықтың 59 пайызы президент Уго Чавес өз қызметінде қалсын деп дауыс берген. Оппозиция өкілдері дауыс беру нәтижелерінде бұрмалаушылық болды, деп айыптап отыр. Орталық Сайлау комиссиясының жетекшілері мен халықаралық бақылаушылар енді 150 бюллетень тасталған жәшіктегі бюллетендерді қайта санайды. Алайда оппозиция өкілдері бұрмалаушылық компьютерлік жүйеде болды, сол себептен бюллетендерді санаудан нәтиже шықпайды дегенді айтып отыр.
XS
SM
MD
LG