Accessibility links

Израиль оппозиционерлері мезгілден бұрын парламент сайлауы өту керек, деп отыр


Израилдың оппозициялық партиясының жетекшісі Шимон Перес мемлекеттегі саяси дағдарысты шеші үшін, мезгілден бұрын парламент сайлауын өткізуге шақырды. Перестің сөзіне жүгінсек, Израильдың тағдырын үкіметтегі бірнеше жүз саясаткер емес мемлекеттің тұрғындары шешуі керек. Осы аптала премьер-министрі Ариэль Шарон басқаратын Ликуд партиясы, үкімет жетекшісінің оппозициялық Еңбек партиясын билік коалициясына қосу жөніндегі ұсынысына қарсы дауыс берген болатын. Ариэль Шарон оппозициялық партияны билік коалициясына қосу арқылы парламенттен қолдау таппақшы болған. Дәлірек айтқанда оппозициялық партия билік коалициясына қосылғанда онда парламеттің басым көпшілігі Ариэль Шароннын еврей қоныстарын Газа секторынан көшіру туралы ұсынысын қолайтын еді.
XS
SM
MD
LG