Accessibility links

Грузия әскерилері Оңтүстік Осетиядан кетті


Грузия үкіметі грузин-осетин аймағынан өз әскерін толығымен әкеткенін мәлімдеді. Оңтүстік Осетия жағы аймақта 2 мыңдай грузин әскери қызметкері бар дегенді айтып отыр. Кеше болған қақтығыстан кейін Грузия президенті Михаил Саакашвили, грузия әскері жаулап алған территорияны бітімгершілік топтардың бақылауына беретінін жариялаған. Алайда Оңтүстік Осетия жағы бар территорияны өздері бақылап отырғанын жеткізді. Дау басталған уақыттан бері өткен түн алғаш рет Цхинвалида тыныш өтті.
XS
SM
MD
LG