Accessibility links

«Хабар» арнасында алғашқы саяси партиялар арасындағы теледебат өттi


Тамыз айының 20 күні кешкісін Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен сайлау блоктарының арасында ұйымдастырылған теледидарлық пікір сайыстың алғашқысы «Хабар» арнасында өтті. Алғашқы хабардың тақырыбы елдегі экономикалық тұрақтылық –демократия дамуының кепілі деп аталды.Аталмыш теледидарлық пікір-сайысқа қатысқан түрлі партия өкілдерінің алғашқы дебат туралы пікірі сан қилы.

Мәселен, «Ауыл » партиясының төрағасы Ғани Қалиев өз мақсат –ойымды нақты айтып, аз уақыт ішінде үлгеруге тырыстым десе,коммунист Серікболсын Әбділдин пікір сайысқа бөлінген 50 минуттың Қазақстандағы он партиядан қатысып отырған өкілдер үшін тым аз екенін алға тартады.Оның айтуынша әр партияға тиген бар жоғы екі-үш - ақ минутта партияның бағдарламасы немесе келешектегі жұмысы жөнінде айтып үлгеру мүмкін емес. Ал,теледебатты сыртай бақылап, ол жөнінде өз пікірлерін білдірген сарапшылар саяси партиялар әлі де осындай ашық пікір сайысқа дайын емес екендіктерін байқатты дегенді айтып отыр.

Сонымен алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы алдындағы алғашқы теледидарлық пікір сайыс «Хабар» арнасында өтті.Орталық сайлау коммиссиясының ұйғарымымен өту уақыты 50 минөт болып белгіленген пікір –сайыс Қазақстандық түрлі партия өкілдеріне шешіліп сөйлеуге мүмкіндік бере қоймаған сыңайлы.Сайысқа қатысушылардың пікіріне қарағанда,әсіресе,бір партияға екі сұрақ қана қоюға болады деген шарт сайыстың қызуына шектеу қойғанға ұқсайды. Мәселен,Серікболсын Әбділдин өзімнің Отан партиясына қоймақ болған сұрағымды қоя алмадым,өйткені бізден бұрын Мақсот Нәрікбаевтың «Демократиялық партиясы» «Отанға » сұрақ қойған соң,біздің мүмкіндігіміз шектеулі болды дейді.

Тағы да коммунист Серікболсын Әбділдиннің ойынша,биылғы өтіп отырған партиялар арасындағы пікір- сайыс 1999 жылы Парламент Мәжілісі сайлауы алдында өткізілген теледебатпен салыстыруға келмейді.Ол кезде пікір жарыстырылуға екі жарым сағат уақыт берілген. Және де ол кезде саяси партиялар саны қазіргіден әлдеқайда кем еді.Бұл жолы он партияның әрқайсысының еншісіне тиген 2-3 минут уақыт тым аз болған.

Теледебатқа қатысқан Ауыл партиясының төрағасы Ғани Қалиевта бөлінген уақыттың қысқа болғанын растайды.Бірақ,мен өзімнің тоқетер ойымды екі минуттан ертерек айтып үлгердім деп отыр. Ал, Хабар арнасында өткен саяси партиялар арасындағы пікір-сайысты сырттай бақылаған саясаттанушы Шәріпбек Әмірбеков теледебатта сөз алғандардың барлығына тең мүмкіндік жасалды.Бірақ,соны саяси партия өкілдері дұрыс пайдалана алмаған сияқты.Өйткені, олар мұндай сайысқа әлі дайын емес екендіктерін байқатты дейді.

Дәл осы ойды тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің төрағасы Дос Көшім мырза да айтып отыр.Әсіресе партиялар бір-біріне қойған сұрақтарға нақты жауап беруден қашқалақтап,жалпы сөзге көшіп кетті дейді ол.

Біздің теледебатқа қатысқан партиялар арасында өткір ой-пікірлерімен ерекшеленген қандай партия болды деген сұрағымызға Дос Көшім мырза Серікболсын Әбділдіннің тұжырымды жауаптары көңілінен шыққанын айтады.

Осылайша бір-бірін пікір -сайысқа шақырып, саяси партиялар арасындағы сайлау алдындағы қызу науқанның басталып кеткенінен жұрт хабардар ма екен деп,Алматы көшелерінде кездескен жандарға микрофон ұсынған едік.Бірақ,өкінішке орай олардың көпшілігі теледидар қарауға уақыттары жоқ екендіктерін айтса,енді бірі егер ертерек естісек қарар едік.Бірақ ешқандай хабарландыру естімедік дейді.

Ал,енді бір Алматылық теледебатты көрдім,айтылып жатқан әйтеуір сол құр уәделер ғой.Бәрі де сайлау алдында анау істейміз,мынау істейміз деп сайрап алады да,Мәжіліске өтіп алған соң ұмыттып кетеді деген пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG