Accessibility links

Алматыдағы сайлау орындарының бірінде орталық сайлау комиссиясы жаңа “Сайлау” электронды жүйесін байқаудан өткізді

  • Дәнеш ҰЗАҚ

Бүгін Алматы қаласындағы нөмірі 201-ші сайлау орнында орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар өкілдеріне, журналистерге, қоғамдық және халықаралық ұйымдардан келген бақылаушыларға жаңа Сайлау электронды жүйесінің қалай жұмыс істейтінін жария етті. Электронды сайлау жүйесінің жұмысымен Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның өзі таныстырды.

- Мұндай байқаулар Астана мен көкшетауда өткен болатын, бүгін Алматы қаласындағы сайлау орындарының біріне келдік

Тестке қатысушы сайлаушылар сайлау орындарына келіп, электронды құралдардың көмегімен өздері қалаған үміткерге немесе партияға дауыс беріп жатты. Мұның бәрі тек таныстыру мақсатында жүргізілгендіктен, партиялар мен үміткерлердің аттары ойдан шығарылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдерін негізінен жаңа электронды сайлау жүйесінің, компютерлік мамандар тарапынан шабуылға ұшырау қаупі жайлы және жүйенің тәуелсіз бақылаушылар үшін қаншалықты ашық екендігі туралы мәліметтер қызықтырды. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы электронды сайлау жүйесі С3 деп аталатын ақпараттық жүйелерді қорғау жүйесімен сақталған дейді Мұндай қорғаныс жүйесі Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ақпарат жүйесін қорғау үшін қолданылады. -

Бұл жүйені бұзу мүмкін емес, бұл жүйе еліміздегі С 3 деңгейіндегі қорғанысы ең күшті жүйе болып табылады.

Электронды сайлауға қарсы қоғамдық комитеттің өкілі Ермек Нарынбаев: “электронды жүйенің көптеген техникалық кемшілік жақтары бар, оны орталық сайлау комиссиясы бізге әдейі айтпай отыр, біздің компьютер мамандарымыз ол жүйенің жалпы құжатымен танысып шықты, соның нәтижесінде бұл жүйені 10 минуттың ішінде бұзуға болады деген шешімге келді” – дейді:

- Бұл 10 минуттың ішінде ғана жасалатын іс

Бұған жауап ретінде Зағипа Балиева Орталық сайлау комиссиясына түскен барлық ақпараттар тек ақпарат жүйесіне жауапты адамдар ғана білетін сандар тізбегі түрінде келеді. Оны бұзу үшін кемінде 3 жыл керек дегенді айтты.

-оны бұзғысы келген адамға 3 жыл жұмыс істеу керек

Ал электронды сайлау жүйесін құрастырушылардың бірі Қанат Нарсұқбаев: “өзінің жеке желісі арқылы мәлімет алмасатын сайлау жүйесіне бөтен біреулердің кіруіне арнаулы сервер орталық кедергі жасайды, ең бастысы әрбір компьютердің дербес кілті-флэш картасыз ешкім ештеңе істей алмайды”- дейді.

Егер осындай флэш болмаса, ешбір адам компьютерге сырттан қосыла алмайды және егер басқа компьютерден қосылсаңыз сізге ешқандай жауап берілмейді.

Бұған қазақстан жастарының десмократиялық одағының тең төрағасы Ерлан Қарабалаев: компьютердің кәнігі мамандары үшін кәдімгі телефон желісіне қосылған сайлау жүйесіне ену, оңай шаруа дейді:

- Техникалық білімі бар адам үшін желіге ену, оңай іс.

Электронды сайлау жүйесі бойынша, сайлаушылар дауыс беруді арнаулы сканер құрал арқылы жүзеге асырылады. Сканер кәдімгі қағаз сайлау бюллетендерінің электронды түрі болып табылады. Арнаулы сканермен дауыс берген соң, оның экранында 4 саннан тұратын сайлаушының жеке пин-коды шығады.

Дауыс беру ісі біткененн кейін шығатын аранулы хаттамаларда депутаттықа үміткерлердің аттары жазылған тұсында соларға даусын берген сайлаушылардың пин-кодтардың тізімі шығады сол арқылы сайлаушы өз дауысының дұрыс берілгенін қадағалай алады дейді- Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева.

Ал бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері егер компьютерге арнаулы бағдарлама енгізіп қойса, онда пин-кодтардың еш пайдасы болмай шығады деп есептейді
XS
SM
MD
LG