Accessibility links

«Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов Алматы қалалық сот шешіміне қарсы болып отыр

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанның Демократиялық « Ақ Жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов өзінің шағымына байланысты Алматы қалалық соттың Бостандық аудандық сот шешімін өзгеріссіз сол қалпында қалдыру туралы шешіміне қарсы болып отыр. Ол ендігі кезекте Алматы қалалық соттың қадағалаушы комиссиясына шағымданбақшы. Егерде ол жолы да шешім өзгеріссіз сол қалпында қалса онда жоғарғы сотқа шағымданамын дейді.

Бұл туралы Б.Әбілов тамыздың 23 і күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

Б.Әбіловтың айтуынша Алматы қалалық сот өзінің шағымын дұрыс қарамады. Себебі 84 бет парақшадан тұратын сот ісін қалалық соттағылар небәрі бір екі күннің ішінде асығыс үсігіс жағдайда, немқұрайлы қарап, аудандық сот шешімін сол қалпында қалдырды. Бұл билік тарапынан мені сайлауға жібермеу үшін әдейі жасалып жатқан іс деп көремін деді Б.Әбілов баспасөз мәслихатында. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Мұқтар Тінікеев « Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Б.Әбіловты өзім туралы жалған ақпарат таратты деп айыптап сотқа берген болатын. Сол бойынша Алматы қалалық Бостандық аудандық соты Б. Әбіловтың үстінен қылмыстық іс қозғап, оған шартты түрде бір жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын берген еді. Бұған қарсы Б.Әбілов Алматы қалалық сотқа шағымданса да судья Тілеулес Нақысбеков Бостандық аудандық сот шешімін өз күшінде қалдырды.

Сондай ақ депутат М.Тінікеев Б.Әбіловті және «31-ші телеарнаны» «Навигатор» интернет газетін азаматтық іс бойынша азаматтық ар ұжданыма кір келтірді деп айыптап көп көлемде қаржы талап етіп отырғаны белгілі. Осы іс бойынша тамыздың 23 і күні Алматы қалалық Бостандық аудандық сотында сот жұмысы жалғасты.

Б.Әбілов тамыздың 19 ы күні Астана қаласы бойынша нөмірі екінші округтік сайлау комиссиясына мәжіліс депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген болатын. Алайда оның сайлауға түсу, түспеуі белгісіз қалып отыр.
XS
SM
MD
LG