Accessibility links

«Отан» партиясы таяу бес жылда бюджеттік шығыстарды кемінде екі есе ұлғайтуды ұсынады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тамыздың 23-і күні Астанада «Өмір сапасының қазақстандық Ұлттық Стандартын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл шара «Отан» республикалық саяси партиясының сайлау алдындағы «Қазақстан бағыты 2009» бағдарламасын талқылауға арналды.

«Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауға түскелі отырған кандидат Кенжеғали Сағадиев партия бағдарламасында таяу бес жылда халық өмірін жақсартуға бюджеттік шығыстарды кемінде екі есе ұлғайтуды ұсыну көзделгенін айтады. Бұл білім, денсаулық және басқа да әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты. Конференцияға қатысушылар ел әлеуметтік дамуының салаларына қатысты оң пікірлерімен бөлісті.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Кенжеғали Сағадиев Қазақстанда экономикалық реформа басқа достастық елдеріне қарағанда қалыпты жүруде. Біз Шығыс еуропа елдерінің өмір сүру деңгейіне жақындауға тырысудамыз. Оған шынайы қадамдар жасалуда. Ал, батыс еурпоа елдеріне жетуге алыс. Ол қиял болар еді, дейді.

Кенжеғали Сағадиевтің айтуынша, биылғы жылы денсаулық саласында бюджет бойынша 102-105 миллиард теңге игеріледі. Ал, 2009 жылға қарай мемлекеттік бюджеттен денсаулыққа 250-260 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл ішкі жалпы өнімінің 4 пайызы. Ал, бұл көрсеткіш қазір 2,1 пайыз, дейді.

«Отан» партиясы өз бағдарламасында жұмыссыздық проблемаларын шешуді қарастырыпты.

Кенжеғали Сағадиев, биылғы жылы 270 миллиард теңгеге жуық көлемде қаржы әлеуметтік көмекке жұмсалады. Бұл көрсеткішті 2009 жылға қарай 600 миллиард теңгеге дейін көтеру көзделуде. Биылғы жылдың бірінші жартысында барлық мемлекеттік кіріс 621 миллиард теңге болған. Ал, біз 2009 жылы әлеуметтік салаға осындай көлемде қаржы бағыттауды көздейміз, дейді.

Сағадиев мырзаның айтуынша, Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 66 жасты құрайды. Ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 60, ал әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас.

11жасқа айырмашылық бар. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғыз елдерінде де өмір сүру ұзақтығы Қазақстанмен шамалас. Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы Манғолия мен Үндістанның деңгейінде. Аурудың 80 пайызы сапалы ауыз судың болмауынан. Бұл жағдай астанада және әсіресе ауылда. Қазақстанда жианлған қалдықтар 20 миллиард тонна. Жүз жыл қайта өңдеуге болады, дейді.

Экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Майдрованың пікірінше, өте қысқа мерзімде айтарлықтай жақсарулар күту қиын, соған қарамастан 2005, 2010 жылдарға қарай 1990 жылдардағы деңгейді қалыпқа келтіру үшін айқын мақсат қою қажет, дейді.

Ал, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сергей Селиверстов аталған партия бағдарламасының саяси аспектілеріне маңыз берді. Оның айтуынша, Қазақстанда саяси партиялар аз емес. Алайда, «Отан» партиялық саяси жүйеде көшбасшы. Мәселе, партия мүшесінің санында ғана емес, Қазақстанның одан әрі дамуында бұл партияның өз ұстанымы бар, дейді.

Жұртшылық өкілдері « Қазақстан 2009 бағыты» бағдарламасына байланысты, сондай-ақ бүгінгі тұрмыс пен келешек жағдайына байланысты әрқилы пікірлер айтады.

«Отан» партиясы «Қазақстан-2009 бағыты» бағдарламасын өрлеу бағдарламасына теңеп отыр.
XS
SM
MD
LG