Accessibility links

Ресми Пхеньян Вашингтонмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін айтты


Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде АҚШ пен келіссөз жүргізуден бас тартты. Бүгін Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Вашингтон Пхеньянға деген душпандық әрекет көрсетуін жалғастырып жатыр, дегенді айтты. Алты мемлекеттің қатысуымен, яғни Солтүстік, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Қытай және Жапонияның қатысуымен болатын келіссөздердің кезекті раунді қырқүйекте болады, деп жоспарланып қойған. АҚШ Пхеньян толығымен, ядролық қару-жарақ әзірлеуден бас тартсын деген талап қояды. Солтүстік Корея болса, қауіпсіздік кепілдігі және қаржылай өтем болса, деген талап қойып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG