Accessibility links

Қабулда 3 американдықтың үстінен жүргізіліп жатқан сот процессі өз жалғасын тапты


Бұл 3 азамат жекеменшік үй-жәйдан түрме жасап, бұл жерде терроризмге күдікті адамдарды азаптаған, деген айып тағылып отыр. Бүгінгі сот отырысы барысында айыптаушылар, бұл әрекеттің барлығын Ауған үкіметінің рұхсатымен жасағанын дәлелдейтін құжаттарды берді. Сонымен қатар, бүгін сот отырысы барысында Ауғанстанның бұрыңғы ішкі істер министірі, қазіргі кезде Ауғанстан президенттігінен үміткер Юнус Канунидың қатысумен түсірілген бейнекөрініс көрсетілді. Бұл бейнекөріністе Юнус Кануни американдықтарды террористтерді қолға түсіруімен құтықтаған, және оларға көмек беретінін айтқан.Айыпталып отырған азаматтың бірі Джонатан Идеманың сөзіне жүгінсек, құжаттардың ішінде олар бұл істі Пентагон, ФБР және ЦРУ-дың рұхсатымен жасағанын дәлелдейтін құжаттар алынып қойған.
XS
SM
MD
LG