Accessibility links

Қазақстанның бірқатар саяси партиялары тамыз айында теле пікір-сайыстардың өткізілуін қолдамайды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Пікір сайыстардың өту уақыты да ойдан шықпайды деседі.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы cаяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтың айтуынша, сегіз партия өкілі осы мәселелерді көтеріп Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиеваның атына ұсыныстар жолдаған.

Асылбек Қожахметов пікір сайысқа бөлінген уақытты ұлғайту керек деп есептейді.

«Руханият» партиясы төраймының орынбасары Ғалия Сыздықова партия тарапынан теле пікір сайыстардың уақытын 50 минөт емес екі сағатқа дейін ұзарту жөнінде Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасалғанын айтады.

Осы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззәт Сүлейменге хабарласқанымызда, ол қаулы бекітілген, шешім қабылданған, деді.

Теле пікір сайыстарға белгіленген тақырыптарға байланысты саяси партиялар өкілдерінің көзқарасы әртүрлі.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтың партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтің пікірінше, белгіленген тақырыптар қызықты емес. Сондай-ақ ол пікір сайыстар кешкі сағат 9 шамасында болғаны дұрыс еді. Ал, жалпы қазіргі уақытты сайлаушыларға бағдарламаларымызды таныстыруға жұмсаған жөн еді, дейді.

Ал, «Руханият» партиясы төрайымының орынбасары Ғалия Сыздықованың пікірінше, белгіленген тақырыптар нақты проблемаларды қозғайды. «Асар» саяси партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева теле пікір сайыстар Батыстан келген. Соңғы айларда немесе жылда саяси партиялар, қоғамдық қайраткерлер өздері туралы көп айтты. Теле пікір сайыстардан көрермен жаңа ешнәрсе естімейтін шығар, дейді.

Дариға Назарбаева теле пікір сайыстарды өзінің көре алмағанын, өйткені, ол уақытта ел аралағанын айтады. Ол теле дидардағы пікірсайыстан гөрі сайлаушылармен жұмыс істеуді тиімді тәсіл деп есептейді.
XS
SM
MD
LG