Accessibility links

Әзербайжан кемесін қазақстандық шекарашылар оқ атып тоқтатқан


Тамыздың 25-і күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, Әзербайжан кемесінің Каспиий теңізінің Қазақстандық бөлігіне балық аулау құралдарын тастағанын көрген Қазақстандық Астана шекара кемесі оларды тоқтатпақшы болады.

Алайда Қазақстандық шекарашылардың ескертуіне тоқтамаған Әзербайжан кемесін оқ атып тоқтатуға тура келген дейді, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Ислам Бекішев:

-Тамыздың жиырмасы күні Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Астана шекара кемесі Әзербайжан кемесін байқайды. Біздің экипаж кеме бортынан балық аулау құралдарының тасталғанын көрген. Қазақстандық шекарашылар Әзербайжан кемесін тоқтапақшы болып ескерту жасайды.

Алайда кеме экипажы бұл ескертуге көңіл бөлмей Әзербайжан Республикасына қарай бет алған. Теңіздегі тасқынға байланысты бортқа жақындай алмағандықтан Астана шекара кемесі ескерту оғын атқан. Әзербайжан кемесі бұл ескертуге де тоқтамай алған бағытымен жүзе берген. Үш сағаттан соң Әзербайжандық сауда кемесі ұсталды. Кемені тексеру барысында борттан балық аулау құралдары табылмайды. Осыған байланысты тергеу ісі жүргізілді. Тамыздың жиырма үшінде әкімшілік сот болып, Әзербайжан экипажы үш тәуліктен он бес тәулікке дейін қамауға алынды. ?сталған Әзербайжан кемесінің экипажы Қазақстан аймағында әкімшілік жауапқа тартылды.

Біз орын алған осы оқиғаға байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан едік.Өзінің аты-жөнін айтудан бас тартқан Әзербайжан елшілігінің қызметкері:

-Біз бұл мәселеден бейхабармыз, ақпарат келіп түскен күнде де Әзербайжанмен байланысып, мәселенің мән-жайын анықтап алмай жауап айта алмаймыз,- деді.
XS
SM
MD
LG