Accessibility links

Жапония сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми іс-сапармен келмек

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тамыздың 27-29 аралығында Жапония сырты істер министрі Йорико Кавагучи ханым Қазақстанда ресми іс-сапармен болады. Сапар барысында мейман таяуда өтетін «Орталық Азия + Жапония» диалогына қатыспақ.

Бұл туралы «Азаттық» радиосына Қазақстан сырты істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Мұхтар Кәрібай хабарлады.

Мұхтар Кәрібайдың айтуынша, Жапония сыртқы істер министрі Йорико Кавагучидің сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.,сондай-ақ сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізілмек.

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас қай салада дамуда? Екі жақты қарым-қатынастардағы мүдделлік қандай? Бұл сұрақтарға орай сарапшылар пікірін білгенімізде, профессор, философия ғылымдарының докторы Қамалбай Марданов соңғы 10-12 жылдың ішінде Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас дамып келе жатыр, деді. Ал, келешектегі екі жақты қарым-қатынастың дамуы жайында Қамалбай Марданов:

-

Жапония территориясы тар, әсересе энерго ресурсы аз мемлекет. Біз оларға көмірсутегі шикізатын бере аламыз. Олар оған мүдделі. Ал, бізге керегі-алдыңғы қатарлы компьютерлі технология, содан кейін көлік, автомобиль.

Ал, саясаттанушы Әзімбай Ғали Орта Азияда Жапонияның ықпалын шектейтін бірқатар жағайдалар бар деген пікір айтып отыр:

- Жапонияның ықпалын Орта Азияда шектейді. Ол Қытай мен Ресейдің позициясы. Олар өлкелік қадағалаушы функциясы геосаяси лидерлер болғандықтан басқа мемлекеттердің араласуын қаламайды. Тағы бір объективті шектеулер бар. Ол жалпы Орта Азия мемлекеттері интеграция мүмкіндіктері төмен. Өйткені, экономикалық кепілдік жоқ.

Әзімбай Ғалидің айтуынша, жалпы орта Азияда Жапонияның экономикалық инвестициясына Қазақстан бейім. Басқа мемлекеттер аса бейім емес. Жапонияның Қазақстаннан сұрайтыны мұнай-газ секторы. Бірақ Қазақстан үкімет ол секторға бәлендей жібергісі жоқ. Мұнай-газ секторында негізгі инвесторлар айқындалды, - дейді.

Әзімбай Ғалидің пікірінше, Орта Азияның интеграциясына және басқа елдермен қарым-қатынастарды дамытуға бір үлкен кедергі болып тұрған - ол әлеуметтік-экономикалық реформалардың әркелкі дамуы.

Жапон Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылатынын сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметі кейін хабарлайтындықтарын айтады.
XS
SM
MD
LG