Accessibility links

Сайлау алдындағы жағдайға байланысты Тәуелсіз Бақылаушылардың Республикалық Жүйесі есеп берді

  • Досан БАЙМОЛДА

Тамыздың 25 і күні Алматыдағы «Қазақстан» Баспасөз орталығында Тәуелсіз Бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылары сайлау комиссияларының жұмысы мен кандидаттарды тіркеу барысындағы жағдайды зерттеген жұмыс қортындысын таныстырды. Бұған Қазақстандық БАҚ өкілдерінен басқа Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген бақылаушылар өкілдері қатысты.

Тәуелсіз Бақылаушылардың Республикалық жүйесінің (ТБРЖ) президенті Дос Көшімнің айтуынша қазіргі кезеңде төрт түрлі заң бұзушылық айқындалып отыр. Біріншіде, сайлау комиссияларының жұмысы әлі анық емес, регламент, кестесіз жүріліп жатыр. Кез келген уақытта өте салады. Бұл заңға қайшы келеді дейді Дос Көшім. Екіншіде, сайлау комиссияларының жұмысына атқарушы билік араласуын әлі қоймаған яғни бұрынғы ескі жүйе әлі қалмай отыр. Бұны Алматыдағы бюромызға хабарласқан белгілі журналист Сейдахмет Құттықадам да растап отыр. Ол Алматы қаласы Алмалы аудандық нөмірі 5 ші Алатау сайлау округі бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткер ретінде тіркеліпті. Бұнымен бірге бұл сайлау округінде 13 кандидат бар көрінеді. Олардың арасында елге белгілі «Азат» қозғалысының төрағасы Хасен Хожахмет, «Аттан-Қазақстанның» Асылбек Амантайы, Қазақстанның Жазушылар Одағы төрағасы Нұрлан Оразалин және Алмалы ауданы әкімі Тұрарбек Асанов секілді азаматтар.

С.Құттықадамның айтуынша жоғарғы жақтан әкім Т.Асановты ғана депутаттыққа өткізу туралы тапсырма түскен көрінеді. Алайда біз хабарласқан Алмалы аудандық нөмірі 5 ші сайлау округінің хатшысы Бәтиха Жақыпбекова бұны теріске шығарып, ешқандай тапсырманың болмағандығын айтты.

ТБРЖ нің президенті Дос Көшімнің айтуынша сайлау алдында саяси партиялар мен кандидаттарды тіркеу барысында оларға бірдей мүмкіндік берілмей отыр. Мысалы «Асар» мен « Отан» ға үлкен мүмкіндіктер беріліп отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Тіптен кейбір сайлау комиссиялары әлі күнге дейн қалалық не аудандық әкімшілік үйлерінде жұмыс істеп жатыр. Бұлдағы заң бұзушылық дейді Дос Көшім. Ал соңғы заң бұзушылық ол сайлау туралы заңның өзі әлі шикі бола тұра басқа заңдармен дұрыс үйлеспеуінен туындауда дейді ол.
XS
SM
MD
LG