Accessibility links

Семей аймағында қатерлі ісікке шалдыққан жандардың қатары көбейіп келеді


Семей қаласындағы онкологиялық диспансердің директорының орынбасары Болат Әлиевтің айтуынша, Семей аймағындағы қатерлі ісік ауруларының саны жыл сайын баяу да болса, өсіп келеді.

- Біздің өңірде қатерлі ісік ауруларына шалдыққандардың саны әр 100 мың адамға шаққанда 2002 жылы 217 адам, ал 2003 жылы 227 адам болды. Семей аймағында 620 мың халық тұрса, соның 100 мыңының ішінде 227-сі қатерлі ісік ауруларымен ауырады деген сөз.

Семейдегі Қатерлі ісік ауруларын емдейтін ауруханасының дәрігері Болат Әлиев: “аймақтағы қатерлі ісік ауруларының негізінен 3 түрі жиі кездесіп отыр” – дейді.

- Бірінші орында өкпе ісігі, екінші жиі кездесетіні асқазан рагі, үшінші орында сүт бездерінің ісігі аурулары тұр

Қатерлі ісік ауруларының пайда болуына Семей қаласындағы онкологиялық диспансердің директорының орынбасары Болат Әлиев: “тұрмыстық жағдайдың нашарлығы, тазалықтың сақталмауы мен ядролық жарылыстардан кейін қалған радияциялық әсер сияқты жағдайлар себеп болуда” - деп отыр,

-

Аурудың қозуына мына ядролық полигонның әсері бар, сонымен қатар түрлі созылмалы ауруларды дер кезінде емдемесе, артынан қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

“Семей қаласындағы онкологиялық диспансеріне келіп емделетіндердің арасында ядролық жарылыстар болған немесе сынақ алаңына жақын орналасқан аудандардың тұрғындарының үлес салмағы жоғары” - дейді онкологиялық диспансердің директорының орынбасары Болат Әлиев

-

Аурулардың саны әсіресе Абай ауданында, Бесқарағай аудандарында және Семей қаласында көп

“Қатерлі ісік ауруы Алматы облысында да бел алып келе жатыр және ауоруға шалдыққан адамдардың ішінде 15-16 жасқа толмаған жасөспірімдердің саны көбеюде” - дейді Алматы облысының онкология диспансерінің химик-терапевт дәрігері Қалдықыз Ниязбекова

-

15-16 жастағы тұрмыс құрмаған қыздар бізге қатерлі ісік ауруларының белгілерімен келіп жатыр. Бұрын көбіне 50 ден асқан адамдар ауыратын бұл аурумен, соңғы 5 жылда жастар көп ауырып жатыр.

Қатерлі ісік аурулары және радиологияны зерттейтін қазақ ғылыми зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда жалпы Қазақстанда ісік ауруларынан 20 мың,а жуық адам қайтыс болады екен, оның 40 пайызы еңбекке жарамды жастағы адамдар. Және осы институттың мәілметі бойынша, Қазақстанда онкологиялық аурулармен ауыратындардың саны жыл сайын 30 мың адамға көбейіп отырады. Жоғарыда аталған мәліметтер аталған институттың интернеттегі сайтынан алынды.
XS
SM
MD
LG