Accessibility links

Ресейде азалы күн


Ресейдің Тула және Ростов облысында әуеапатына ұшырап, қаза тапқан азаматтардың барлығының денесі табылды. Мәскеуден Сочиға және Волгаградқа бағытталған Ту-154 және Ту-134 ұшақтары бір мезетте апатқа ұшыраған. Ушақта бар жолаушылар мен экипаж мүшелері барлығын алғанда 89 адам қаза тапты. Әзірге апат себебі белгісіз, бірақ тергеу жүргізіп жатқан мамандар апат лаңкестік оқиғанын салдарынан болуы мүмкін деген болжам барын жоққа шығармай отыр. Ресей президенті Владимир Путин үкімет өкілдеріне заңнамаға өзгеріс енгізу туралы тапсырма берді. Яғни,әуетасмалдағыштардағы қауіпсіздік бақылауын ішкі істер министрлігі беру туралы өзгертулер енгізілуі керек.
XS
SM
MD
LG