Accessibility links

Экваториялық Гвинея Оңтүстік Африкаға қайырылып, Британияның бұрынғы бас министрі Маргарет Тэтчердің ұлы Марк Тэтчерді тапсыруды сұрады


Марк Тэтчер сәрсенбі күні Кептаун қаласындағы үйінде тұтқындалған, ол мұнайға бай Экваториялық Гвинея елінде жасалынбақшы болған төңкеріске қаржылай жәрдем берді деп айыпталды. Дегенмен, Оңтүстік Африка республикасының сыртқы істер министрлігі Марк Тэтчер хақында ресми сұраныс бізге түскен жоқ дейді.

Экваториялық Гвинея елінде төңкеріс жасалынбақшы болды деген іс бойынша осы елде және көршілес Зимабве елінде ұзын саны 89 азамат сотталып жатыр. Ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар деп алғашында айтылған. Қазақстан ресми орындары бұл мәліметті соңынан жоққа шығарды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG