Accessibility links

"Нью-Йорк таймс" газеті бүгін жазып отырғандай, АҚШ президенті Джордж Буш соғыстан кейінгі Ирақтың жағдайын сараптағанда қателесіппіз деп тұнғыш рет мойындады


Президент Буш ойын таратып айтпады, бұл шаруаны тарихшыларға қалдырайық деп қысқа қайырды, дейді "Нью-Йорк таймс" газеті. Ирақтағы көтеріліс құбылысы жарқын жеңісіміздің жанама көрінісі болып шықты, Саддам Хұсейннің әскері елді мекендердің ішіне тарап кетеді, партизандық тәсілдегі бүлікке көшеді деп американдықтар күтпеген еді, дейді Буш. Дегенмен, "Нью-Йорк таймс" газеті көтеріліске қарсы тойтарыс беруге стратегиямыз жеткілікті мөлшерде өзгеріп отырды деген Буштың сөздерін келтіреді.
XS
SM
MD
LG