Accessibility links

ИРНА ақпарат агенттігі Бағдадта қамауға түскен қызметкеріміз азат етілді деп хабарлады


ИРНА агенттігі Бағдад бюросының бастығы Мұстафа Дарбан екі апта бұрын қамалған еді, ол бүгін Ирақтағы Иран өкілдеріне тапсырылды. Мұстафа Дарбанмен қоса 9 тамызда ИРНА агенттігінің тағы екі қызметкері ұсталған, алайда ИРНА агенттігі олардың лауазымын ашқан жоқ. Ирақ полициясы бұл оқиға жайында түсінік берген жоқ. Ал Тегеранға жақын арада Ирақ ішкі істер министрінің орынбасары Бархам Салех келу керек. Бархам Салех Иран ресми орындарына журналистеріңізді сапар қарсаңында босатамыз деп уәде айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG