Accessibility links

Ирақтағы жеті қызметкері аманатқа түскен Кувейт көлік компаниясы Ирақтағы қызметімізді тоқтатамыз деп мәлімдеді


Компанияның жеті жүргізушісін бір айдан аса кепілдікте ұстап отырған "Құпия исламшыл әскер" деп өзін атайтын топ компания Ирақтағы қызметін тоқтатса, адамдарын босатамыз деген еді. Бұлар Үндістанның үш азаматы, Кенияның үш азаматы және бір Египет азаматы.

Осы тақырыптағы тағы бір жаңалық – "Әл Жәзира" телекомпаниясы италияндық журналист Ензо Балдониды "Ирақтағы Ислам әскері" деп аталатын топ мүшелері өлтіргенін бейнелейтін таспа қолымызға түсті деп жариялады. "Ирақтағы Ислам әскері" тобы сейсенбі күні Италия үкіметіне 48 сағат белгілеп, Ирақтағы 2700 сарбаздарыңызды шығарыңыздар деп талап қойды. Италия талапқа бас имеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG