Accessibility links

Ресейде сейсенбі күні құлаған екі ұшақтың бірінің сынақтарында жарылғыш заттың ізі табылды


Бірнеше минуттың ішінде құлаған ұшақтар Мәскеуден шығып, Сочи және Волгоград қалаларына бет алған болатын. Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің өкілі Николай Захаров Сочиге 46 адамды әкетіп бара жатқан ТУ-154 ұшағының сынықтарында гексоген табылды дейді. Мұндай химиялық зат Ресейде 1999 жылы 200 шақты адамды құрбан қылған террорлық шабуылдарда пайдаланылған, дейді Ресей басшылары. Тергеу комиссиясының төрағасы кеше айтқандай, террорлық шабуыл дабылы дәл осы ұшақтан берілген. Волгоградқа ұшып бара жатқан екінші ұшақтың апатында 43 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG