Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08 -28 - 2004


Сайлау алдында қара-пиардың қолданылуы республикалық басылымдардың басым назарын аударып отыр. Бұл орайда «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Ораз Жандосов Қазақстанның қазіргі жағдайында лас технологияларды билік қана пайдаланады десе, келесі бір газеттерде бұл іске ресейлік саяси технологтардың үлесі бар екендігі сөз болады.

602 үміткер сайлауда бағын сынап көруге бел буыпты. Әр округке 10 үміткерден келіп отыр. Демек, бәскелестіктің басты құралы – сын. Мұндай жағдайда жалған жарнама мен «қара» пиардың сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жағалап жүретіні белгілі, - депті халықаралық сарапшылардың бірі Дана Стюрарт «Жас алаш» газетіндегі «Қара пиармен кім айналысады?» деген мақалада. Ал келесі бір сарапшы Марина Сәбитова қара-пиарға мысал ретінде «аты-жөндері бірдей немесе ұқсас адамдардың бір округтен сайлауға түсуін келтіреді. Мұндай тәсілге қарсы, мәселен, Эстония сияқты елдер бір округтен аттары бірдей адамдарды тіркемейтін бапты заңдарына енгізгендері айтылыпты осы мақалада. Ресейлік саяси технолог Юрий Исаев болса, қазір Қазақстанда қолданылып жатқан мұндай әдіс-тәсілдердің бұған Ресейдегі сайлауда пайдаланып қойылғанын, ал қазір Қазақстанда ресейліктер технологтардың тер төгіп жатқандығы жатқандығы жасырын еместігін тілге тиек етіпті. Сонымен бірге осы газетте интернет сайттарының бірінде Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы ұлтшыл дегенге меңзейтін материалдың жарық көргені баяндалады. Қара-пиарды кім қолданады? «Ақ жол»партиясының теңтөрағасы Ораз Жандосов «Мегаполис» газетінде «Қазақстанның қазіргі жағдайында қара пиар мен лас технологияларды билік қана қолданады», - дегенді айтады. Оның сөзіне қарағанда, «бүгінді таңда ақпарат құралдары иелерінің тарапынан ақпараттық ресурсты тым асыра пайдалану, үгіт-насихат жұмыстарының тәртібінің белгіленген ережелерінің бұзылуын барлығы көріп отыр». Сол себептен, «біз ауыр артеллерия соққыларын қабылдауға дайынбыз. Мұндай жағдайда уға қарсы қолданатын құралдарымыз», - депті Ораз Жандосов. Алайда, ол құпия қарулар жариялауға жатпайтынын айтыпты.

Қоғамда саяси партиялардың ықпалы әлі төмен болып отырғанын тілге тиек етеді «Нұр астана» газетінде Айдын Жалмырзаева. Оның мәліметтеріне қарағанда, мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар ісі жөніндегі департаменті жүргізген әлеуметтік зерттеу бойынша сауалнамаға қатысқандардың 19,3 пайзызы саяси партиялар туралы ешқандай өзіндік ой айта алмаса, 14,4 пайызы оларға мүлдем сенбейтіндіктерін көрсетіпті. Саяси партиялардың саяси күш дәрежесіне көтеріле алмау себебі «олардың мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізер құралдарының жеткіліксіздігі радио мен теледидарда белгіленген мерзімі уақыттарының жоқтығынан шығар» деп топшылайды мақала авторы.

Ал саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ықпалын арттыру үшін Конституцияға лайықты өзгерістер енгізу керек дегенді жатқайды «Жас алаш» газетінде сөз алған партия басшылары мен саясаттанушылар. Алайда, Қазақстан конституциясының негіз қалаушылардың бірі заңгер Сұлтан Сартаев «Айқын» газетінде негізі заң құжатын бірақатар шетел мамандарының прогресшіл Конституция деп мойындағанын айтады. Ол ең алдымен екі мәселеге назар аудару керек деп есептейді. Біріншіден, сол заң құжатындағы талаптардың орындалуы мен оны қадағалауға көңіл бөлінбейді. Екіншіден, «тұрғындар заң білмейді. Сондықтан, өз құқықтарын өздері заңға сәйкес қорғай алмайды. Тіптен олар түгілі шенеуніктердің өздері заңды жақсы білмейді. Осыдан келіп, заң да, Конситуция да бұрмаланып жатады», - дейді заңгер. Ол сонымен бірге өз сұқбатында еліміз электронды дауыс беруге мүлдем дайын емес деген пікір білдіреді. «Сондықтан да, ол біздің сайлауды қалыпты, әдіттегідей әдіспен өткізу керек» деп есептейді. Оның айтуынша, «ең алдымен сайлау комиссиясындағы адамдар адал болуы керек. Сонда ғана сайлаушының құқығы бұзылмайды. Демек, миллиондаған қаржы жұмсап, электронды сайлау жүйесін енгізудің қажеті жоқ», - дейді заңгер Сұлтан Сартаев «Айқын» газетінде.
XS
SM
MD
LG