Accessibility links

Қазақстанның Отаншыл жастар одағы Қазақстанның білім және ғылым министрін қызметінен босату жөніндегі комитетті құрмақ

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Бұл орайда студент жастардың қолын жинамақ.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары ректорларын, факультет декандарын, колледж директорларын сайлауды, студенттердің өзін-өзі басқаруын енгізуді талап ету жұмыстарын алға қойып отыр.

Бұл туралы Отаншыл жастар Одағының мүшелері «Азаттық» радиосына берген сұхбаттарында мәлімдеді.

Отаншыл жастар одағы оқу бағасының қымбаттауына наразылықпен қатар басқада мәселелерді көтеріп отыр. Олар Қазақстан аумағында оқитын жастарға арналған 50 пайыздық жеңілдігі бар жол жүру билетін енгізуді, прогресшіл жастардың үйлестіру Кеңесін құру, Премьер-министрден Үкімет жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесінің құрамына Қазақстанның Отаншыл Жастар одағымен басқа жастар ұйымдарының өкілдерін енгізуді талап етпекпіз деседі.

Отаншыл жастар Одағының өкілі Жанбота Қарашолақов білім жүйесін реформалаудың балама бағдарлама жобасын ұсынуды көздейтіндерін мәлімдейді.

Мұндай жобаны дайындайтын жұмысшы тобы құрылуда. Оған жастарды, мұғалімдерді, білім және ғылым министрлігінің өкілдерін шақырамыз. Ол жоба жастармен бірге талқылануы керек. Жоғары оқу орындары ректорларын сайлау қажет, дейді.

Отаншыл жастар одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы Абжан Махамбет мұғалімдердің жалақасын көтеруді студенттердің қалтасынан іздемеу керек Оны мемлекет бюджетінен іздеген дұрыс деген пікірде.

Ал, білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова несие алу арқылы оқу мәселесінің зерттеліп жатқанын айтып отыр:

-Мемлекеттік институт ашылуы керек. Жекеменшік сектор да бұл жерге қатысуы қажет. Бұл институт жағдайы жоқ балаларға жағдай жасау үшін, жоғары білім алуы үшін қаржы беріп тұрады. Қазір сондай механизм үш айда зерттеледі. Білім министрлігнің мамандары Венгрияға барып ондағы жағдайды біледі. Венгрияда 100 мың бала осындай мемлекеттік институт арқылы білім алады екен. Жанбота Қарашолақов болса несие беру жөніндегі мемлекеттік институт құруға ертерек деген пікірде.

Отаншыл Жастар одағының өкілдері өздері көтеріп отырған бұл мәселелерді Қазақстан демократиялық жастар одағы, Қазақстан Коммунистік партиясының жастар ұйымы, «Қазақсатанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының жастар қанаты, студенттердің ұлттық одағы, жастар кәсіподақтарының орталығы қолдап отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG