Accessibility links

Нажаф тұрғындары асығыс түрде қаладан шыға бастасымен жаңа күш қолданулар орын алуда


Дей тұрғанмен, шии жауынгерлері мен Ирақ және АҚШ күштері одақтастығы арасында қол жеткізілген бейбіт келісімге сәйкес қаланың Ежелгі бөлігіне Ирақ полиция күштері бақылау орнатып отыр. Садр қаласында шии жауынгерлері мен АҚШ күштері арасындағы шайқастар барысында, Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бір тәулік ішінде 10 адам қаза болған. Тайпа басшысы Карим әл-Бихасси Ройтер тілшісіне былай деген болатын: “Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті және бізге уәде етілген демократияны қалайтын халық өкіліміз. Біз Садр кеңсесімен келісімге келдік. Және америкалықтармен сөйлестік. Осылайша біз мынандай шешімдерге қол жеткіздік. Біріншіден, жауласушы екі жақ арасындағы шайқастарды тоқтату. Екіншіден, Садр қаласындағы америкалық бақылауларды тоқтату және ол күштердің қалаға енуіне тиым салу”-, деді тайпа көсемі. Ал, Мосулдың батысындағы бекетке оқ атқан екеуді АҚШ күштері атып түсірген екен.
XS
SM
MD
LG