Accessibility links

Қазақстан Конституциясына өзгеріс қажет пе?


Құқықтық мемелекет құруды жария еткен Қазақстан Конституциясында ең басты қазына-адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені жазылған.

Алайда, адам құқықтарының сақталуында қоғам өкілдері әр түрлі пікірлер айтады.

Кейінгі жылдары Конституцияға өзгерістер енгузі жайында қоғамдық пікір жиі айтылуда. Бұл мәселеге жастар да өз көзқарастарын білдіруде.

Мәселен, Отаншыл жастар Одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы Махамбет Абжан Қазақстанға жаңа Конституция керек деген пікірде. Бұл пікірге Жастар кәсіподақтар орталығының өкілі Досжан Кокозов те қосылып отыр.

Ал, Қазақстан Парламент Сенатының депутаты Жабайхан Әбділдин құқықтық мелекет құру бір күндік жұмыс емес. Қазір қалыптасу жүруде, дейді.

Қазақстан бас прокуратурасының Алдын ала тергеудегі және анықтаудағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов көптеген заң бұзушылықтар бойынша азаматтардан арыз-шағымдардың жиі түсетінін айтады.

Өзін қандай қоғамдық бірлестік өкілі екенін айтудан бас тартқан Болат Молдағалиев есімді азамат өз сөзінде бізде адам құқықтарының бұзулы көп. Әртүрлі шағымдар жиі түседі. Бұл конституциялық, азаматтық, заңдық құқықтардың бұзулы жайында. Азаматтардың қарапайым құқықтары шектеліп жатады деді.

Астана тұрғыны Талғат есімді азамат өз құқын қорғауда кейбір келеңсіздіктерге кездесіп жүргенін айтады.

Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қажет пе? Әрине бұл уақыт еншісіндегі дүние екені белгілі. Десе де қоғамда бұл мәселеге көзқарас әртүрлі.
XS
SM
MD
LG